Алматыда №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында эпилепсияның аса күрделі түрімен ауыратын балаларға алғаш рет операциялар жасалды

2104

2023 жылдың 13 қаңтары мен 16 қаңтары аралығында Алматы қаласының № 2 қалалық клиникалық балалар ауруханасында әлемге әйгілі нейрохирург, германиялық профессор Ульрих Томаленің қатысуымен балалар нейрохирургиясы бойынша «Дәріге төзімді эпилепсиямен ауыратын балалардағы аз инвазивті функционалды гемисферотомия» атты бірегей шеберлік сабағы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шеберлік сыныбы аясында неміс маманы  қазақстандық жетекші нейрохирургтермен бірге эпилепсияның күрделі түріне бес ота жасады.

Фармакорезистентті эпилепсия кезінде дұрыс таңдалмаған  препараттар эпилепсияға қарсы тиімсіз және эпилепсиялық ұстамаларды бақылауды қамтамасыз ете алмайды. Әлемдік статистикаға сәйкес, эпилепсияны дәрі-дәрмекпен емдеу науқастардың 70-80%-ына  тиімді. Науқастардың қалған 20-жасалады. Соңғы жылдары эпилепсия хирургиясы бойынша жаңа технологиялар енгізілуде. Олар бұрын мұндай емделу мүмкін болмаған науқастардың сауығып кетуіне мүмкіндік береді.

"Біздің бес кішкентай баламызға ота жасалды. Берлиндегі "Шарите" клиникасынан келген қонағымыз, профессор Тамаленің жетекшілігімен шеберлік сыныбы кезінде эпилепсиялық ұстамалары жиі болатын балалардың миына ауыр, күрделі операциялар жасалды. Барлық операциялар сәтті өтті, балалар қазір нейрохирургия бөлімшесінде. Шеберлік сыныбы жақсы өтті. Бұдан былай осындай науқасы бар балаларға өз бетімізше операция жасаймыз деп ойлаймын. Әрине, біздің клиникада  мұндай күрделі операцияларды жасау қалалық әкімдік қамтамасыз еткен заманауи жабдықтың арқасында іске асты. Біз мұндай көмек  пен қолдауға өте ризамыз. Болашақта да  қолдау болады деп  үміттенеміз" №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері, белгілі қазақстандық нейрохирург Марат Рабандияров журналистерге берген сұхбатында

Профессор Ульрих-Вильгельм Тамале - балалар эпилепсиясының хирургиялық емдеу саласындағы әлемге танымал маман. Ол түрлі жастағы балаларға жылына шамамен 1000 операция жасайды.  Балалардағы орталық және перифериялық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде барлығы 7 мыңнан астам күрделі операцияларды сәтті  жүргізді. Тамале 8 жылдан астам уақыт бойы Шарите университеттік клиникасының педиатриялық нейрохирургиялық қызметін басқаруда.

Профессор атап өткендей, микрохирургиялық аз инвазивті әдістемені қолдану бойынша осы хирургиялық араласулар кезінде компьютерлік ассистенция міндетті түрде қолданылады.

"Берлинде біз өзіміз бұл әдісті "3D- шындық"  нейронавигациялық жүйесі арқылы енгізуді жақында ғана бастадық. Бұл заманауи технология осы қазақстандық  клиникада пайда болғандықтан, біз осы әдісті Қазақстанда бірге енгізуді ұйғардық. Айта кетерлігі, балалар ауруханасының операциялық бөлмесі  (Алматы қ.№2ҚКБА) жоғары деңгейлі, заманауи медициналық техникамен жақсы жабдықталған. Оны әрі қарай  дамытып, техниканы да, жаңа әдістерді де тиімді қолдану маңызды" Профессор Ульрих-Вильгельм Тамале

№2 балалар ауруханасында МРТ-да ұстамасы бар науқастарға екі операция жасалды. Бұл түзілімдер құрысуларды тоқтату мақсатында жойылды. Ал қалғандары, неғұрлым күрделі операциялар, эпилепсия мидың жартысының зақымдалған бөлігінен туындаған, мидың қалыпты, сау аймағының дұрыс дамуына кедергі болатынжәне эпилепсияны тудыратын, сонымен қатар сау жарты шардың дамуын төмендететін "толқын дауылы" деп аталатын ақауы бар науқастарға жасалды. Бұл операция кезінде бір жарты шар арнайы аймақтарға кесіледі, бұл "импульстік дауылды" тоқтатады және сау жарты шардың одан әрі дамуына мүмкіндік береді. Бұл операция кезінде бір жарты шар арнайы аймақтарда кесіліп, бұл «импульстердің дауылын» тоқтатады және болашақта сау жарты шардың дамуына  жол  ашады.

Осы жобаны ұйымдастырушы «Мейірім» Ерікті қоғамы» қоғамдық қорының өкілі Светлана Селюнина атап өткендей, шеберлік сабақтар өткізілгеннен кейін атқарылған жұмыстар көңіл қуантты. Ата-аналардың қуанышты көздерін көргенде, олардың балаларының денсаулығы үшін алғашқы қадамдардың жасалғаны аңғарылады. Өкінішке орай, диагноздардың барлығы 100 пайыз қалпына келтірілмейтіні белгілі, дегенмен өмір сүру сапасын жақсарту да нәтиже болып табылады. Науқас балалардың ата- аналары үшін балаларын шетелде емдету өте қиын. Осындай күрделі операцияларды өз елімізде жасау арқылы болашақта  науқас  балаларға көмектесуге болады.

№2 балалар клиникалық ауруханасының тәжірибесіне енгізілген эпилепсияға қарсы операциялар шетелдік клиникаларда қымбат, біздің елде пациенттерді іріктеуден кейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында олар тегін жасалады. Еске салсақ, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар МӘМС жүйесінде мемлекет тарапынан сақтандырылған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -