ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен баә арасында ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойылды

1329

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау және профилактика министрлігінің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан тарапынан құжатқа Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қол қойды.

Тараптар атап өткендей, осы Меморандумға қол қою медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды, ана мен бала денсаулығын сақтауды, медицина ғылымдарын бірлесіп дамытуды, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы әріптестікті дамытуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -