Анкарада Қазақстанмен транзит-көліктік бағыттарды әртараптандыру талқыланды

1530

Қазақстанның Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмаилоглумен кездесіп, көлік саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Түрік министрі Қазақстанмен көлік саласында ынтымақтастыққа аса мән беретінін мәлімдей отыра, 2022 жылғы қарашада Ақтауда өткен Қазақстан, Әзербайжан, Грузия мен Түркияның сыртқы істер және көлік министрлері кездесуінің нәтижелерін құптай отырып, бұл бағытта жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Оған қоса, екі ел арасындағы әуе байланыстардың одан әрі дамыту қажеттілігі атап өтілді. 2022 жылы Қазақстан мен Түркия арасында әуе байланыстар екі еседен артық ұлғайды. Алғаш рет астаналар арасында және Алматы-Анкара рейстері ашылды. 2023 жылы Ақтау-Анкара және Шымкент-Анкара тікелей әуе рейстерін ашу және ағымдағы рейстердің жүйелілігін арттыру жоспарлануда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -