Сербияның Халықтық скупщинасында Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

1569

Екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Қазақстанның Елшісі Мәди Атамқұловтың Сербия Республикасының Халықтық скупщинасында Қазақстанмен парламенттік достық тобының белсенділерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат екі мемлекет арасындағы қатынастар дәстүрлі достық және сенім негізінде орнағандығын сөзіне тиек етіп, еліміздің екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықты одан әрі өрбітуге мүдделілік танытып отырғандығын жеткізді.

М. Атамқұлов серб парламентарийлерін Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар мен өзгерістермен таныстырды. Осы ретте, нәтижесі бойынша мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі жаңаруларға жол ашатын сайлау тақырыбына ерекше назар аударылды.

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту тақырыбын талқылау барысында өзара іс-қимылды жандандыру бойынша екіжақты уағдаластыққа қол жеткізілді. Атап айтқанда, екі ел парламенттері депутаттарының өзара сапарларын пысықтау мәселесі көтерілді.

Мазмұнды диалог барысында Қазақстан Елшісі және серб депутаттары екі елдің экономикалық ынтымақтастығының әлеуетін егжей-тегжейлі талқылады – бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі, IT және баламалы энергетика, сондай-ақ әскери-техникалық саласындағы кооперация және т.б.

Сонымен қатар, келіссөздер шеңберінде аймақаралық ынтымақтастық тақырыбы төңірегінде өрбіді. Достық тобының депутаттары Қазақстан мен Сербия қалалары арасында бауырластық байланыстарды күшейтуге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар бірлескен жобалар және бастамаларды ілгерілетуде парламенттік достық тобының қызметі тиімді құрал екендігімен келісті.

СР Халықтық скупщинасының Қазақстанмен парламенттік достық тобының құрамына 13-ші шақырылымның 20 депутаты кіреді. Аталған топты депутат Зоран Томич басқарады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -