Тау-кен саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

2254

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев «Ресей мыс компаниясы» АҚ-ның президенті Всеволод Левинмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тау-кен металлургия саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Ведомство басшысы М.Қарабаев ресейлік компанияға мыс балқыту зауытының құрылысын іске қосу қажеттігін атап, сондай-ақ жоғарыда аталған мәселені шешу үшін Тарутинск кен орнының шекара маңындағы аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асырудың ерекшеліктеріне байланысты үкіметаралық келісім жөнінде ұсыныс жасады.

Өз кезегінде В.Левин Ақтөбе облысындағы ресейлік мыс компаниясының өндірістік қызметі туралы, сондай-ақ Жетісу облысындағы «Көксай», Абай облысындағы «Айдарлы» кен орындарындағы жобаларды іске асыру туралы айтып берді. Жоғарыда аталған ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылау үшін тараптар жақын арада тағы бір мәрте кездесуге уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -