Қазақстан Елшісі Израиль Президентінің көмекшісімен кездесті

2123

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақовтың Израиль Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі Цви Вапнимен кездесуі барысында Қазақстан мен Израиль арасындағы 2023 жылға арналған іс-қимыл жоспары талқыланып, жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыру мәселелері жөнінде пікір алмасу болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер аясында қазақстандық дипломат израильдік әріптестерге мемлекеттік органдарда қарастырылып жатқан екіжақты келісімдердің жобаларын келістіруді жандандыруды, сонымен қатар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды.

Сонымен бірге С. Бұршақов израильдік дипломатты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру бойынша жүргізіп жатқан маңызды реформалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Өз кезегінде, Ц. Вапни жаңа жылдағы екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінің өзектілігін атап өтіп, белсенді әрекеттесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Израиль бастамаларын одан әрі ілгерілетуге уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -