Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артуда

1643
Фотосурет: DKNews

ҚР мен БАӘ авиациялық биліктері арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15-17 қаңтардағы БАӘ–ге сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы рейстер саны артуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осылайша, авиатасымалдардың қолжетімділігі және авиабилеттер құнын төмендету мақсатында 22 қаңтардан бастап "Wizz Air Abu Dhabi" лоукост әуекомпаниясы Абу-Даби және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 3-тен 4-ке дейін (сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі) арттырды. Ұшулар Airbus A320/A321 типті әуе кемелерінде орындалады. 

Сондай – ақ, "Fly Dubai" әуекомпаниясы 26 қаңтардан бастап Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер санын аптасына 10-нан 14-ке дейін және 28 қаңтардан бастап Дубай-Алматы бағыты бойынша аптасына 10-нан 14-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Сондай – ақ, 28 ақпаннан бастап "Fly Dubai" әуекомпаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, сенбі) Шымкент-Дубай бағыты бойынша рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр. "Fly Dubai" әуекомпаниясының ұшулары Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады. 

Рейстер санының артуы екі ел арасындағы туристік, іскерлік және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -