Қазақстан мен Эстония көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

2017

Қазақстанның Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасының Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барасында тараптар Қазақстан-Эстония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ Эстония делегациясының Қазақстанға алдағы сапарын талқылады.

Осы орайда қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар мен инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары туралы хабардар етті. Өз кезегінде К.Ляанеранд Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру мақсатында алдағы уақытта бірлескен іс-қимылдар туралы келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -