Қазақстан мен АҚШ арасындағы Адам құқықтары жөніндегі диалогтың кезекті отырысы туралы

1270

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнаулы өкілі Ержан Қазыхан және АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі жыл сайынғы диалогтың екінші отырысын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені одан әрі демократияландыру және адам мен азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайту жөніндегі бағдарламасын іске асыру барысын сындарлы түрде талқылады. Америкалық тарап Мемлекет басшысының ауқымды реформаларын жүзеге асыруды толық қолдайтынын тағы да растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары саласындағы нәтижелі өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша ниетін құптады және Бірлескен мәлімдемені қабылдады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -