Қазақстан мен Саха Республикасы әуе қатынасын дамытып, экономиканың салалары бойынша әріптестікті арттыруға мүдделі

1311

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесіп, тараптар ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ИИДМ басшысы бауырлас республикамен жемісті әріптестік орнайтынына сенім білдіріп, Саха инвесторларын елімізге бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

Бұл ретте А.Николаев өз республикасының экономикалық әлеуетін таныстырып, оның ішінде азаматтық авиация, жер қойнауын игеру және өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ зергерлік-қырлау кластер бөлігінде тиімді әріптестікті нығайтуға ниетті екенін айттып, ұсыныстарын жеткізді.   

Бұдан басқа тараптар Якутск – Новосібір – Астана және Якутск – Новосібір – Алматы әуе қатынасын ашу мен «Якутия» озық даму аймағында өндірілетін ұзақ уақыт жанатын пештерді Қазақстанға импорттау мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Кездесудің қорытындысына сәйкес екі жақ іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Саха Республикасы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -