Қазақстан мен Моңғолия екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

1320

Қазақстан Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Амартувшин Гомбосүренмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында тараптар қазақ-моңғол қарым-қатынастарының ағымдағы күн тәртібін талқылап, 2023 жылғы екіжақты алмасулар мен байланыстардың кестесін қарастырды, сондай-ақ екі мемлекеттің өзара әрекеттесуінің перспективалық бағыттары жөнінде пікір алмасты.

Өзара ынтымақтастықтың әлеуеті әлі де толық іске қосылмағанымен келісе отырып, тараптар сауда-экономикалық салада екіжақты байланыстарды дамыту мен кеңейту, екі елдің инвестициялық пен өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану, ауыл шаруашылық пен мал шаруашылығы салаларында белсенді ынтымақтасу үшін бірлескен күш-жігерді одан әрі жандандыру қажеттілігін атап өтті. Осыған қоса, тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мен екі мемлекеттің іскер топтарының байланыстарын ынталандыру үшін, сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолиядағы экономиканың қарышты дамуы мен инвестициялық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, 1994 жылы қол қойылған Инвестицияны қорғау және көтермелеу туралы екіжақты келісімді жаңартудың маңыздылығы жөнінде пікірлес болды.

Сұхбаттастар 2023 жылдың наурыз айында кезекті отырысы өтетін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы қазақстандық-моңғол үкіметаралық комиссиясын кең ауқымды бағыттар бойынша екіжақты өзара әрекеттесуді үйлестірудің тиімді тетігі деп атап, оның жұмысына толық қолдау көрсету жөнінде уағдаласты.

Халықаралық істердегі екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін қозғай отырып, кездесуге қатысушылар екіжақты тығыз байланыстарды және мемлекетаралық кооперацияның бірқатар көпжақты тетіктері, оның ішінде АӨСШК, МАГАТЭ және Теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдерге арналған халықаралық талдамалық орталық шеңберінде өзара қолдау көрсетудің дәстүрін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара әрекеттесудің практикалық сұрақтарын, оның ішінде консулдық мәселелер жөніндегі сімаралық консультацияларды өткізуді талқылады.

Кездесу барысында Ғ. Қойшыбаев сондай-ақ 2022 жылы маусым айында өткізілген республикалық референдумның қорытындысы бойынша орын алған конституциялық реформалар аясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси өзгерістер туралы айтып берді. Өз кезегінде Г. Амартувшин қазақстандық дипломатты қазіргі уақытта Моңғолияда болып жатқан демократиялық процестердің ерекшеліктерімен таныстырды.

Жылы әрі достық атмосферасында өткен кездесудің соңында сұхбаттастар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік қатынастарды одан әрі нығайту үшін тығыз байланыс жасап тұруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -