Қазақстан Елшілігі Корея Республикасы Кеден қызметінің наградасын алды

1593

Оңтүстік Кореяның астанасында Халықаралық кеден күні мерекесіне арналған іс-шара өтіп, оған әртүрлі елшіліктердің 70-тен астам дипломат, соның ішінде шетелдік дипломатиялық миссиялардың 31 басшысы қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында Корея Республикасы Кеден қызметінің комиссары Юн Тэ Шик барлық қатысушыларды Халықаралық кеден күні мерекесімен құттықтап, шет елдердің кеден қызметтері арасында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Соңында корей кеден қызметінің басшысы Қазақстан Республикасының Елшілігіне кеден қызметі саласындағы екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі мен белсенді ынтымақтастығы үшін награда табыс етті.

Оңтүстік Корея тарапының статистикасына сәйкес, Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 6,5 млрд АҚШ долларын құрады және бұл екі ел арасындағы сауда қатынастарының бүкіл тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -