Израиль Кнессетінде 2023 жылға арналған Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықтың күн тәртібі талқыланды

2225

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Кнессеті (Парламент) Спикерінің Дипломатиялық кеңесшісі Исаак Бакманмен және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Яил Ричардспен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломат израильдік әріптестермен келіссөздер барысында парламентаралық ынтымақтастықтың перспективалық жоспарын талқылап, оның аясында екі ел парламентшілерінің өзара сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.

Елші Кнессет өкілдерін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекетті саяси жаңғырту жөніндегі дәйекті бастамаларымен таныстырды. С.Бұршақов өз сөзінде өткен жылы ауқымды реформалар жүргізілгенін, осыған сәйкес елде президент сайлауы өтіп, 2023 жыл басы жаңа жүйедегі Сенат депутаттарының сайлауымен, сондай-ақ Мәжіліс таратылып, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілетінімен ерекше екенін және осылайша елімізде басталған жаңа сайлау циклі бүкіл саяси жүйені қалпына келтіруді аяқтауға арналғанын атап өтті.

Өз кезегінде израильдік әріптестер еліміздегі саяси реформаларды оң бағалай отырып, олардың жүзеге асуына сәттілік тіледі, сондай-ақ екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екендігін білдіріп, Израильге ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының сапарын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша екі елдің заң шығарушы органдары арқылы екі ел қарым-қатынастарын жандандыру ісінде өзара қолғабыс көрсетуге уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -