Ұлттық экономика министрі Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі кездесті

2343

Кездесу барысында тараптар атом энергетикасы, IT саласы, энергетикалық қауіпсіздік, білім беру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.


 
Ә.Қуантыров пен П.Сийарто қазіргі геосаяси жағдайда екі елдің экономикасын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы экспортты әртараптандыру және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Мажарстан Қазақстан үшін маңызды инвестициялық серіктес болып табылады. Өзіңізге мәлім, біздің елдеріміз әлемдік мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің қатарында. Ағымдағы дағдарыс жағдайында біз барлық перспективалық салаларда ынтымақтастықты нығайтуымыз керек» Әлібек Қуантыров

Өз кезегінде, Мажарстанның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийарто сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстанда фармацевтика саласында және энергетика секторында венгриялық компаниялар табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ә.Қуантыров Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіру туралы жоспарымен бөлісті. Сийарто мырза ҚР-дың бұл бағыттағы бастамасын толық қолдайтынын мәлімдеді және осы мақсатқа қол жеткізуге көмектесуге уәде берді. Мажарстан 1996 жылдан бастап ЭЫДҰ мүшесі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -