Шахмат дипломатиясы: Қазақстан FIDE-мен ынтымақтастықты нығайтуда

1376

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (Fédération Internationale des Échecs, FIDE) бас директоры Эмиль Сутовскиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар биыл көктемде Астанада өтетін шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчты талқылады. Э.Сутовский Қазақстандағы шахмат спортының дамуына және еліміздің әлемдік шахмат аренасындағы жетістіктеріне жоғары баға берді.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Қазақстандық шахмат федерациясы мен FIDE арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, оның ішінде шахмат үйретудің тиісті жүйесін енгізу мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан шахмат федерациясы мен FIDE желісі бойынша екіжақты байланыстарды жандандыруға жәрдемдесуге келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -