Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африка Республикасымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

1299

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Елшісі Кийтуметци Мэттьюспен кездесу өткізді. Жүздесуге Қазақстан Республикасының ОАР-дағы жаңадан тағайындалған Елшісі Еркін Ахинжанов та қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады және өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде, 2023 жылғы бірінші тоқсанының соңында Астанада өтетін сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың келесі раундына дайындық барысы талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Претория арасындағы әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -