Сергей Ершов ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Парламенттері Комитеттері төрағаларының екінші кеңесіне қатысты

1630

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттері Комитеттері төрағаларының екінші кеңесіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенатор шара барысында басқа елдердің парламентшілерімен бірге халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Депутат кеңес жұмысы аясында Мемлекет басшысының бастамасы бойынша еліміздің барлық салаларда кешенді және жүйелі өзгерістер жүзеге асып жатқаны туралы әріптестеріне айтып берді. Сенатор барлық негізгі билік институттарын дәйекті түрде қайта ретке келтіру процестеріне тоқталды.

«Бүгінде Парламент те, жергілікті өкілді органдар да нығайып келеді. 14 қаңтарда Сенат депутаттарыныңсайлауыөткен болатын. Палата құрамынаәрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден депутат таңдалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Президенттік квота бойынша бес сенаторды ұсынды. Бұл сайлауда үміткерлердің бәсекелестік деңгейі өте жоғары болды. Сенат сайлауында кандидаттардың көпшілігі өзін-өзі ұсынды. Бұл азаматтық қоғамдағы саяси белсенділіктің өсіп келе жатқаныныңкөрінісі. Сенаттқа сайланған 20 депутаттың 16-сы алғаш рет сенатор болып отыр, 4 сенатор қайта сайланды. Сенатор әйелдердің саны да көбейіп келеді» Сергей Ершов

Депутат сөз соңында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы байқаушыларының миссиясы алдағы сайлауда мониторинг жүргізуге белсенді қатысатынына және оған объективті баға беретініне үміттенетінін жеткізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -