Аустрия Сыртқы істер министрлігінің делегациясы ҚР СІМ-де кездесулер өткізді

1586

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрия Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік мәселелері жөніндегі аппарат басшысы Зигрид Берканы қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі жайлы пікір алмасып, жоспарланып отырған сапарлар мен іс-шаралар бойынша ой бөлісті.

Р. Василенко белсенді саяси диалогты жоғары және жоғарғы деңгейде жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан-Аустрия экономикалық, ауылшаруашылық, экологиялық, техникалық, өндірістік және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның (ҮАК) кезекті отырысын өткізуге қызығушылық білдірді.

Бұл іс-шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор септігін тигізеді. Тараптар өткен ҮАК отырыстарының қорытындылары бойынша басым салалардағы уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанға сапары шеңберінде Аустрия сыртқы саяси ведомствосының делегациясы ҚР СІМ Аппарат басшысы Амангелді Саиновпен кездесіп, әкімшілік мәселелер мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -