Болгарияда Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

1257

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Сақтандыру және қаржы жоғары мектебінің (СжҚЖМ) ректоры Борис Велчевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында СжҚЖМ мен экономикалық бағыттағы қазақстандық жоғары оқу орындары арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына қатысты жан-жақты пікір алмасу өтті.

Б. Велчев өзі басқаратын оқу орнының еуропалық контексте білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыру тәжірибесімен, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту жоспары мен басымдықтарымен бөлісті.

Өз тарапынан, В. Темірбаев қазақстандық жоғары оқу орындармен өзара іс-қимылды кеңейтуге жәрдемдесуге дайындығын білдірді. Сондай-ақ, сұхбаттасты қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.

Кездесу соңында тараптар жұмыс байланыстарын қолдауға және білім беру саласындағы қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған күш-жігерді жұмсауға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -