Қазақстан мен Словакия сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

1554

Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Словакияның Сауда-өнеркәсіп палатасына барып, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылау мақсатында СӨП төрағасы Петер Михокпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында дипломат Қазақстандағы қазіргі жағдай, еліміздің экономиканың жай-күйі және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметінің алдына қойған міндеттері туралы айтты. Өткен жылы Қазақстан экономикасының 3,1%-ға өскені, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктерімен қатар Қазақстанның елеулі инвестициялық әлеуеті атап өтілді. Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара сауданың тұрақты өсу үрдісі атап өтілді, оның көлемі 2022 жылы 43%-ға өсіп, 120 млн АҚШ долларынан асты. Бұл ретте қазақстандық өнімдердің Словакияға экспортын ұлғайту арқылы тауар айналымының құрылымын кеңейту және саудадағы теріс сальдоны азайту қажеттігі айтылды.

Словакия Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы қазақстандық нарықтың зор әлеуетін, сондай-ақ словак бизнесінің Қазақстанмен іскерлік байланыстарды дамытуға мүдделі екенін айта отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Кездесу нәтижесінде Словакияның астанасы мен өңірлерінде Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы дөңгелек үстелдер мен презентацияларды бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ бизнес жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы тұрақты ақпарат алмасуды жолға қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -