Прага қаласында Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтығы мен болашағы талқыланды

1483

«Қазақстан-Чехия. Достық пен стратегиялық серіктестіктің 30 жылдығы. Қорытындылар. Жетістіктер. Болашаққа бағдар» тақырыппен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған дөнгелек үстел өтті. Іс-шараға Чех Сенат депутаттары, Сыртқы істер министрлігі, Дипломатиялық академия өкілдерінің, ғылыми және сараптамалық топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Чехиядан келген сарапшылар мен дипломаттар, ғалымдар мен саясаттанушылар дипломатиялық қатынастардың отыз жылдығын қорытындылап, елдер алдында тұрған жаһандық сын-қатерлер мен одан әрі даму мақсаттарын талқылады.

Қазақстандық дипломаттар өз сөздерінде ынтымақтастықтың үш онжылдығында қарым-қатынастар қарқынды дамып, тығыз және жемісті өзара тиімді серіктестікке айналғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Халықаралық қатынастар институтының директоры Петр Краточвил: «Қазақстан-Чех қатынастары мемлекетаралық өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шығады, әрине, бұл, ең алдымен, екіжақты саяси және мәдени-гуманитарлық қатынастар және болашақта екіжақты дамудың белгіленген қарқынын сақтау өте маңызды деп санаймын», - деп атап өтті.

Чех Сауда палатасының бас директоры Милан Клечка: «Чехия мен Қазақстан ынтымақтастығының басым бағыттары ең алдымен энергетика, машина жасау, пайдалы қазбаларды өндіру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салалары болып табылады. Чех тарапы қазақстандық өңірлермен ынтымақтастықты дамытуға да үлкен көңіл бөледі. Экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия табысты жұмыс істеуде, біздің елдеріміз арасында таусылмайтын үлкен әлеует бар, Чехия тарапы одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын», - деп айтты.

Іс-шара барысында Парламент Сенатының депутаты Ондрей Бохач, Сенаттың сыртқы істер бөлімінің меңгерушісі Хелена Долежалова, профессор Йиржи Шима, «Прага бизнес клубының» вице-президенті, экономика ғылымдарының докторы Мариана Драхотска, ЧР Мәдениет министрлігінің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Хелена Провазникова, Ұлттық кітапхананың бас директоры Мартин Косанда, «Прага жаңалықтары» чех басылымының директоры Алеш Флитчер, «Чех жаңалықтары» бас редакторы Светозар Плесник, талдау орталықтарының сарапшылары және журналистер баяндамалар жасаған.

Дөңгелек үстелге қатысушылар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған күннен бастап 30 жыл ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жетістіктер туралы пікір алмасты және Қазақстан мен Чехия арасындағы көпқырлы қатынастар одан әрі дамитынын атап өтті.

2022 жылдың 11 айында елдер арасындағы тауар айналымы 370,9 млн АҚШ долларын құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,7%-ға өсті. Қазақстанда өз қызметін 138 чех компаниясы жүзеге асыруда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -