Қазақстан мен Өзбекстан үкімет басшылары өзара сауда-саттықты арттыру жоспарларын талқылады

1618

Қазақстан мен Өзбекстан үкімет басшылары Әлихан Смайылов пен Абдулла Арипов Алматыда өткен ЕҮАК отырысынан кейін мемлекетаралық ынтымақтастықтың бірқатар негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және су-энергетикалық салалардағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен ауыл шаруашылығындағы бірлескен қадамдарды арттыру жөніндегі жоспарларды пысықтады.

Әлихан Смайылов республикалар арасында барлық салаларда қарқынды дамып келе жатқан берік үйлесімді қатынастар орнағанын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы шамамен 30%-ға өсіп, жоспарланған меже $5 млрд-қа жеткен. 

«Бұл ортақ күш-жігеріміздің арқасында мүмкін болды. Енді жоғары деңгейде қойылған міндеттерге сәйкес, орта мерзімді кезеңде өзара сауда-саттық көлемін $10 млрд-қа дейін ұлғайту қажет» Әлихан Смайылов

Оның айтуынша, бұл тұрғыда былтыр қол қойылған жол карталарын уақытылы имплементациялау және Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясының белсенді жұмысы маңызды болып табылады.

«Қазақстан үкіметі өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша белсенді диалогқа дайын» Әлихан Смайылов

Өз тарапынан Абдулла Арипов елдер арасында өнеркәсіптік кооперацияның, әсіресе автомобиль жасауда оң тәжірибе барын атап өтті. Мұнай-газ, химия, энергетика, металлургия және басқа да салаларда перспективті жобалар пысықталуда.

«Ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласындағы, әсіресе жаңа көлік дәліздерін дамыту бөлігіндегі тығыз өзара іс-қимылды ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ біз елдеріміздің өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды жоғары бағалаймыз, бұл бауырлас халықтардың арасындағы ынтымақтастық әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді» Әлихан Смайылов
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -