Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

2083

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берді. Осы ретте Қазақстан Президентінің жақында Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Екі ел басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -