Қызылордалық​ полицейлер​ екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

9958

Қызылордалық​ полицейлер​ екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндетін атқару барысында ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні ұстап, апатты жағдайдың алдын алды. ​

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Жаңақорған ауданы, М.Нәлібаев ауылының бойында ВАЗ маркалы автокөлігін тексеру барсында автокөліктің иесі 2021 жылдың қыркүйек айында Жаңақорған аудандық сотымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасап, көлік басқару құқығынан үш жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ, полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамаға жүгінді. Куәландыру қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізушінің “орта дәрежелі” масаң күйде болғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)​ бойынша тіркеді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.​ Жүргізушінің автокөлігі айыптұраққа қойылды. Бүгінгі таңда күдікті азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -