Ақтөбеде апалы-сіңілі тұрғынды 10 млн теңгеге алдап кетті

4148

4 қыркүйек полиция бөліміне 47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтық туралы арыз берген, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Зардап шегушінің айтуынша,  ағымдағы жылдың маусым айында үйде отырып, таныстарында инвестициялық ақшалай салымдар туралы әңгіме басталған. Екі апалы-сіңлілі “Finiko” компаниясына инвестициялық салым және биржаларда ақшаны айналдыру сылтауымен жәбірленушіден үлкен көлемде ақша алып кеткен.

Алайда ақша да, уәде етілген екі еселенген сома да болмаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар екі апалы-сіңілілер болып шықты. Келтірілген залалдың сомасы 10 миллион теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеубасталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -