Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын сақтамаған медицина орталығын анықтады

4778

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп келеді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

ҚР ІІМ

Нәтижесінде, 16 қыркүйек сағат 12:20-да аудан аумағында орналасқан “DIVES GROUP MEDICAL” медицина орталығына мониторинг жүргізу барысында қызметкері карантиндік талаптарды сақтамай, келушілерге қызмет көрсету барысында бір реттік бетпердені мүлдем тақпағаны анықталды. 

Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -