ШҚО-да шаруа қожалығының жұмысшысы жаңа туған бұзауды сатып жібермек болды

4925

Глубокое аудандық ПБ кезекші бөліміне 71 жастағы зейнеткер 2021 жылғы 27-28 тамыз аралығында белгісіз адам еркін жайылымнан еркін қол жеткізу жолымен жаңа туған бұзауды ұрлап кеткені туралы хабарлаған, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

pixabay

Шығын 50 мың теңгені құрады.Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық оқиғаға қатысушылардан жауап алып, күдіктіні анықтады. Ол 33 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің 71 жастағы ер адамның шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істегені анықталды.

Белгілі болғандай, 33 жастағы қызметкерге шұғыл түрде ақша керек болғандықтан, малдың иесі сиырдың жақында төлдейтінен білмейді деген сеніммен, күдікті жаңатуылған бұзауды сатып қажеттілігін өтемек болған, алайда ол жоспары іске аспай қалған. Жауап алу кезінде шаруа жануарды иелеріне қайтарып, кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы (Ұрлық) 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -