Түркістан полицейлері заңсыз мал тасымалдаудың бес жайтын анықтады

4990

Сарыағаш ауданының полицейлері мал ұрлығының алдын алу бойынша жедел профилактикалық іс-шараны ұйымдастырды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

pixabay

Шара мақсатында аймақтағы мал ұстаушы жеке үйлер мен шаруақожалықтарындағы малдарды сырғалануы, таңбалануы мен жолқатынастарындағы мал тасымалдаушы көліктерге тексеріс жүргізілді. Аталған іс-шараға сәйкес жұмыс барысында полиция қызметкерлері Шымкент-Жетісай тас жолының бойында мал тасымалдаған 38 автокөлікті тоқтатып, олардың рұқсат қағаздары мен ветеринарлық куәліктерін тексерді.

Нәтижесінде “ГАЗель”, “Уаз”, “КамАЗ” маркалы автокөліктермен заңсыз мал тасымалдаған бес жүргізушіні анықтады. Сондай-ақ көліктерге ветеринарлық құжатсыз ірі қара және ұсақ малдар тиелгендігі белгілі болды.

Анықталған автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша тиісті құжаттар жинақталып, Сарыағаш аудандық ветеринария бөліміне жолданды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -