Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Таразда алаяқ әйел тұрғынның 2,3 млн теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденіп кетті

Таразда алаяқ әйел тұрғынның 2,3 млн. теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденіп кетті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Тараз қаласының полициясына Жамбыл ауданының тұрғыны – 42 жастағы әйел хабарласып, 2021 жылдың мамыр-шілде айларында алтын бұйымдарын тиімді сатуға көмектесу үшін белгілі бір әйелдің сеніміне кіріп, алдау арқылы 2 300 000 теңге тұратын зергерлік бұйымдарын иемденгенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі таңда тергеу шаралары жалғасуда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің талаптары бойынша мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Полиция департаменті азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -