Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шетелдегі іс-шаралар туралы

1201

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚР-дың шет елдердегі бірқатар елшіліктері билік өкілдерінің, дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар басшыларының, сондай-ақ сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен түрлі мәдени іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасында өткен конференция шеңберінде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы «Kazakhstan at 30: The Awakening Great Steppe» («Қазақстанның 30 жылдығы: жаңғырған Ұлы Дала») атты жаңа кітап таныстырылды.

Кітапта экономикалық даму, инвестициялық ахуалды жақсарту, саяси реформалар, білім беру жүйесін трансформациялау, халықаралық аренадағы жетістіктер, мәдени мұраны, туризмді дамыту және т.б. мәселелерді қоса алғанда соңғы үш онжылдықта елдің түрлі салаларында қол жеткізген ілгерілеушіліктеріне шолу жасалады. Он бес эсседен тұратын жинақ түрінде дайындалған кітаптың авторлары – беделді британиялық, халықаралық және қазақстандық сарапшылар.

«Kazakhstan at 30: The Awakening Great Steppe» кітабының электронды нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі Түркия Мәдениет министрлігі Президенттік симфониялық оркестрінің концерт залында Еуразиялық симфониялық оркестрдің концертін ұйымдастырды.

Симфониялық оркестр әртістері, әлемге әйгілі скрипкашы Айман Мұсаходжаева, опера әншісі Талғат Мұсабаев және талантты композитор Рахат-би Әбдісағын дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен отандық және әлемдік музыка классикасын орындады.

Бразилияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бразилия тіліндегі «Қазақстан жолы» кітабының тұсаукесері өтті.

Бразилиялық сарапшылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына үлкен қызығушылық танытып, елдің барлық жетістіктері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформалар саясатындағы сабақтастықты оң бағалады.

Қазақстанның Аммандағы елшілігі Иордания Ұлттық кітапханасымен бірлесіп фотокөрме ұйымдастырды.

Тақырыптық экспозицияда қонақтарды тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен, мәдениетімен, табиғатымен, көрікті жерлерімен, сондай-ақ халықаралық аренадағы негізгі жетістіктерімен таныстыратын фотожұмыстар ұсынылған.

Дөңгелек үстел аясында БАӘ-нің Emirates Post өкілі С.Альмидфа еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Біріккен Араб Әмірліктері Федерациясының 50 жылдығына орай шығарылған арнайы пошта маркаларын ұсынды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -