Тұрғын үйлерді 100% аралау қамтамасыз етілді

865

ТЖМ бөлімшелері халықтың әлеуметтік осал топтарының 107 583 тұрғын үйін есепке қойды. Бірінші кезеңде тұрғын үйлерді 100% аралау қамтамасыз етілді, оның барысында 342 мың азаматқа нұсқау берілді, 71 мың үй ЖАО және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен тексерілді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіның төрағасы Нұрболат Дербісов хабарлады.

Сондай-ақ, алдын алу жұмыстарымен автономды жылыту жүйелерімен байланысты ТЖ ұшыраған тұрғын үйлер қамтылады. 903 мың үй аулаларды аралаумен қамтылды азаматтарға толық нұсқау берілді.  

«Ағымдағы жылғы 1 маусым мен 19 қараша аралығында республика бойынша жеке тұрғын үйлерде 16 490 датчик орнатылған, оның ішінде табиғи газ – 7 758, улы газ – 8 284 және түтін газы бойынша – 448. 2021-2022 жж. жылыту маусымының басынан бастап улы газдың шекті рұқсат етілген концентрациясы туралы датчиктің іске қосылуының 3 жағдайы тіркелді, оның арқасында қатты уланудың алдын алынып, 29 адамның қайтыс болуы шектелді. 2019 жылдан бастап республика бойынша 3 жыл ішінде 137 мың датчик орнатылған. Осы жұмыстың нәтижесінде өткен жылыту кезеңдерінде 39 датчиктің іске қосылуынан 100 азаматтың өмірі нақты құтқарылды», - деді ТЖМ өкілі. 

Сонымен қатар, БАҚ арқылы өрттің алдын алу бойынша насихат жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда ақпараттар орналастырылған. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -