Түркістанда "Тәуелсіздік Және Тұңғыш Президент" атты салтанатты жиын өтті

1974
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
 
Іс-шара аясында тәуелсіздік жетістіктері мен Елбасы жолын дәріптейтін кітаптар, деректі фильм және қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Салтанатты жиынға қатысушыларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков мерекемен құттықтады.
 
– Ел Тұңғыш Президентіне сенді, соңынан ерді. Ел сенімін ақтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, нәтижесінде тәуелсіздіктің баянды, егемендіктің еңселі болуына халықты жұмылдыра білді. Киелі мекен – Түркістанымыздың облыс орталығы атанып, жаңа серпінмен дамуы да Елбасының идеясынан туындағанын ел біледі, – деді ол.
 
Жиында шаһар басшысы Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асырудағы үлесі үшін түркістандықтарға шынайы ризашылығын білдіріп, үздіктерді Алғыс хатпен марапаттады. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -