Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесу өткізді

1332
Фотосурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлер ортаға салынып, Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай сөз болды.

Репатриация және реинтеграция, отбасылардың қауышу және қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша еліміз бен Комитет арасындағы өзара табысты ықпалдастық атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Комитеттің қызметін толық қолдайтынын нақтылап, осы ұйымның басшысы лауазымындағы Петер Маурердің атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бітімгерлік операциялар жүргізу мәселелері бойынша өзара табысты ықпалдастығы үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әскерилердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты.

Петер Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Комитеттің қазіргі қызметі мен жоспары жөнінде мәлімет берді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -