Михаил Кукушкин: «Бірінші геймнен бастап жанталасамыз»

1383
Фотосурет: ҚТФ

Александр Бублик пен Михаил Кукушкин Дэвис кубогының финалдық кезеңінде Сербия құрамасына қарсы ойнайды. Матч қарсаңында құрама жігіттері өз ойларын білдірді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 

«Матч бізге аса маңызды екені рас. Еліміздің намысын жыртамыз, бұл әрқашан құрметті және жауапты іс саналады. Әрине, алдағы матчқа қызу дайындалып жатырмыз, адам айтса нанғысыз жетістікке жетуге тырысамыз. Біз бірінші геймнен бастап, соңына дейін күресеміз. Қарсыластың таңдауы көп, кімдердің шығатыны түсініксіз. Әзірге мен матчқа оңтайлы қалпымызбен шығып, жақсы ойнауға барымды саламын» Михаил Кукушкин

Екінші матчта Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпен ойнайды. Қазақстанның үздік теннисшісі аса сабырлы қалпынан айныған жоқ және өзіне сенімді.

«Мен әлемнің бірінші ракеткасына арнайы дайындалмаймын. Біз жалпы Сербиямен ойынға дайындалып жатырмыз. Біріншіден, команда ортақ және екі ұпай алуды мақсат тұтамыз. Оны кім істейді,  ол маңызды емес. Сондықтан көңіл-күйіміз сол қалпы» Александр Бублик

Еске сала кетейік, Сербиямен болатын матчты сәрсенбі, 1 желтоқсанда Qazsport телеарнасы тікелей эфир де көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00-де басталады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -