Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының өкілдері екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарын талқылады

506

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қорғаныс ведомстволары жұмыс топтарының үйлестіруші-офицерлерімен отырыс өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қорғаныс ведомстволарының өкілдері 2022 жылға арналған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарының жобасын талқылады.

Екі елдің өзара іс-қимылы мәселелеріндегі негізгі басымдық әскери білім беру, бітімгершілік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кәсіби әскери-медицинаны және инженер кадрларды даярлау мәселелерін шешуге бағытталды.

Қорғаныстағы өзара іс-қимылдың осы және өзге де аспектілері қазіргі уақытта қол қоюға әзірленіп жатқан 2023-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кезекті бесжылдық жоспарында көрсетілген.

Тараптар жыл сайын жұмыс бабымен өтетін кездесулер барысында екіжақты әскери ынтымақтастықты дамыту үшін сарапшылар нақты бағдарларды жан-жақты талқылап, айқындай алатынын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -