Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Танк бригадасында сержанттар жиыны өтті

2689

Аягөз гарнизонында орналасқан танк бригадасында жауынгерлік жоспарға сәйкес сержанттар құрамының үш күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті.

Аталмыш жиынның мақсаты – сержанттардың әдістемелік және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру арқылы жеке құраммен жұмыс кезінде жауынгерлік даярлық сабақтарын жүргізуге үйрету және кәсіби даярлық пен іс-жүзіндегі дағдыларын жетілдіру болып табылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Әдістемелік жиынды сапалы өткізу мақсатында арнайы сабақ жетекшілері мен нұсқаушылар тағайындалып, теориялық сабақтар өтетін сыныптар толық материалдық базалармен қамтылды.

Іс-шараның теориялық бөлігі оқу-әдістемелік фильмдер мен презентациялар көрсетілген дәріс сабақтарынан тұрды.

Сонымен қатар, бағынысты жеке құраммен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша да сабақтар өткізілді. Бұл ретте мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері мен сержанттар құрамы арасында сенім қатынастарын орнату үшін ұсыныстар айтылды.

Бұдан бөлек, шараға қатысушылар іс жүзінде тәуліктік наряд құрамында кезекшілік атқару кезінде туындайтын әртүрлі штаттан тыс жағдайларды пысықтады.

– Бүгінгі жиын әрбір жеке құраммен жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті сержанттар құрамының білім деңгейін арттыру мақсатында өткізілді, – деді танк бригадасының 3-сыныпты сержанты Дидар Баубеков.

Айта кетейік, үш күнге жоспарланған жиынға 30-дан астам сержант қатысып, өзара тәжірибе алмасып, жауынгерлік дайындық пен бөлімнің күнделікті қызметін ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

– Білім мен тәжірибені бізге сеніп тапсырған жеке құрамға үйретіп, оларға үлгі болу біздің басты міндетіміз. Сондықтан да, кәсіби мамандығымызды жетік меңгеріп, біліктілігіміз бен білімімізді тереңдетіп жатырмыз, – деді танк бригадасының сержанты Нұр Әріпжан.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -