Бақыт Сұлтанов: Қазақстан Башқұртстанға $27,2 млн сомасына жеткізуді ұлғайтуға дайын

849

Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

"Башқұртстан Республикасымен ынтымақтастық Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінде ерекше орын алады. Біз өзара тиімді ұзақ мерзімді сауда-экономикалық әріптестігімізді одан әрі арттыра түсу үшін берік негіз қалайтын берік түркі тамыры. Дағдарысқа дейінгі сауда көлемін қалпына келтіру және елдеріміздің нарықтарына қол жеткізу бойынша өзара іс – қимылды кеңейту үшін қазіргі уақытта екі жақты ынтымақтастықты дамытудың 2022 - 2024 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда", - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

2021 жылғы 11 айдың қорытындысы сауда көлемінің үдемелі қалпына келуі туралы айтады. Осылайша, Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы 30,3% - ға өсті ($336,7 млн.құрады).

"Біздің өзара сапарларымыздың қорытындылары бойынша пысықталатын перспективалық бағыттардың бірі - Батыс Қазақстан облысының аумағында, Башқұртстанға тікелей жақын жерде қалыптасатын трансшекаралық ынтымақтастық жобасы болып табылады. Жұмыс тобының келесі отырысында сарапшыларға осы жоба бойынша нақты іс - қимыл жоспарын ұсыну қажет деп санаймын" - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Біздің негізгі міндетіміз - қойылған барлық міндеттерді толығымен жүзеге асыру және Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтеру, - деп түйіндеді өз сөзін Министр.

Сонымен қатар, тараптар "Каустик" АҚ қатысуымен "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында нарықта сұранысқа ие жоғары технологиялық хлорорганикалық және бейорганикалық өнімдерді өндіру бойынша жобаны іске асыру барысын, сондай-ақ Себай қаласында Башқұртстан Республикасымен OSB плиталарын өндіру бойынша бірлескен өндірісті құру мүмкіндігін талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -