Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады

895

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында 10 отбасын онлайн қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Азаматтарды онлайн қабылдау жұмысын ары қарай жалғастырамыз. Тағы 10 отбасын қабылдадым. Қабылдау барысында шамамен 30-ға жуық сұрақ қойылды. Сұрақтардың басым бөлігі ТКШ, білім беру, медицина және т.б. салаларына қатысты болды.

Мәселен, былтыр біз әлеуметтік нысандар салуда рекорд орнаттық: қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй (арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық), 40 мың оқушы орталығына арналған 15 мектеп, «үй жанындағы дәрігер», 200 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), 100-ден астам көше салдық әрі жөндеуден өткіздік, 9 елді мекенге газ тарату желісін жүргіздік және т.б. Мұның бәрі тұрғындарымызбен жүргізілген жұмыстың нәтижесі. Өткен жылы әріптестерімізбен бірге 5 мыңнан астам қала тұрғынын қабылдадық.

Биыл да осы деңгейді төмендетпес үшін дайындықты өткен жылдан бастадық. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл тағы 10 мың әлеуметтік пәтер, 16 мектеп саламыз, медициналық орталықтар желісін және басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды кеңейтеміз.

Азаматтарды қабылдау, аудандарды аралау, қала тұрғындарымен бетпе-бет кездесу – тұрғындардың пікірін біліп, қаланың дамуы жолына тың идеялар қосуға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындарымен өзара байланысты күшейтуге «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы сияқты әлеуметтік орталықтарымыз да оң әсерін береді», – деп жазды елорда әкімі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -