Сарапшылар жастар саясатындағы жаңа тәсілдерді талқылады

1445

Бүгін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында жаңа «Lightning Talks» форматында сараптамалық пікірталас өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Талқылауға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов пен Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Баймолдинов қатысты.

Шақырылған спикерлер қатарында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі Жанар Тулиндинова, «IDEA «ЦАЦС» ҚҚ жобалық кеңсесінің жетекшісі Евгений Рибалко, GPS & Smart Construction компаниясының негізін қалаушы Олжас Сүлейменов, ӘЭСИ сарапшысы Динара Абуова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультеті кафедрасының доценті Әлия Құсайынова, саясаттанушылар Сырым Иткулов пен Аман Мамбеталиев, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының жетекші талдаушылары қатысты.

Сарапшылар жастар саласындағы өзгерістер бойынша көзқарас туралы пікір алмасу форматында жаңа Қазақстанды құру мәселелерін талқылады. Кездесудің мақсаты жастармен диалог орнатуды кеңейту және жастарды мемлекеттік шешімдер қабылдау процестеріне тарту, сондай-ақ жастар саясатын іске асырудағы жаңа тәсілдер туралы ұсыныстар әзірлеу болды.

Lightning Talks форматы – бұл пікірталас алаңдарында ұзақтығы бес минуттан аспайтын қысқа блиц-баяндамалар сериясы.

Бұл тәсіл спикерлерге пікірін анық, тез айтуға және кездесуге қатысушылардың бәрін тыңдауға мүмкіндік береді. Мұндай форматтағы сарапшылық кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -