Әли Бектаев Павлодар облысындағы колледж оқытушыларымен кездесті

571

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев Павлодар облысындағы барлық орта арнаулы оқу орындарының басшылары және оқытушыларымен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Түсті металлургия колледжінде өткен кездесуде сенатор ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған конституциялық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырды. Сондай-ақ ол ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның ерекше тарихи маңызына тоқталды.

 «Конституциялық реформа 1995 жылдан бері алғаш рет тікелей халықтың дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады, сондықтан еліміздің барлық азаматтарының қатысуы өте маңызды», - деді сенатор.

Ұстаздар Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Сондай-ақ, жиында жуырда Парламент Сенатында жастар саясаты мәселелері бойынша өткен парламенттік тыңдауда көтерілген негізгі мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жастарға сапалы білім беру, кәсіптік бағдар беру, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру басты мәселелер болды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -