Сенатта Орталық Азия өңірінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі құжат қаралды

516
Фотосурет: Н.Байбулин

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының әскери-техникалық ынтымақтастығына қатысты заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Құжаттың мақсаты – екі мемлекеттің Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылын реттеуге арналған. Келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Қырғыз тарапының сұрау салуы негізінде қол қойылды.

Отырыста сонымен қатар ҚР ІІМ Ұлттық ұланын кадрлық, материалдық-техникалық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысы армия, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдары жұмысының сипатын қайта қарау мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов Ұлттық ұланның жұмысын жетілдіру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сенаторлар отырыс барысында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, оның ішінде олар қаза болған жағдайда да әлеуметтік қорғауды одан әрі күшейту жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -