Елордада ЖОО-ларға кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру конкурсы басталды

649
Фотосурет: АР

Елордалық білім басқармасы білім беру, денсаулық сақтау және гуманитарлық ғылымдар, соның ішінде исламтану, теология, дінтану салаларында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша 2022 жылға арналған конкурс жариялайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2022-2026 оқу жылдарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бірқатар құжаттарды ұсынуы керек:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ өтінімі;
2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ сауалнамасы;
3) 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінімін;
4) 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ЖЖОКБҰ ақпараттық картасы береді.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен электрондық форматта ұсынылады.

Өтінімдер 1 маусымнан бастап 20 маусым сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Көрсетілген уақыт пен күннен кейін құжаттар қаралмайды, өтінімдерге өзгерістер енгізуге де жол берілмейді.

Конкурсқа қатысу құжаттары электрондық форматта bilim@astana.kz электрондық поштаға, қағаз форматта конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне 2022 жылғы 1 маусымнан бастап 20 маусымды қоса алғанда, сағат 18:00-ге дейінгі мерзімде «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 119-кабинет, тел.: +7 701 368 42 24, +7 717 556875 мекенжайы бойынша ұсынылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -