Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева болашақ педагогтармен Конституцияға енгізілетін түзетулерді талқылады

572

Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Сенаторлар кездесу барысында еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қабылдаған заңдар туралы айтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Сенаторлар әңгіме барысында «Жаңа Қазақстан: Жастар және жаңғыру» тақырыбымен өткен парламенттік тыңдау туралы хабардар етті. Депутаттар Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанды құруда жастардың маңызды қозғаушы күш екенін атап өткенін айта келіп, шараның ерекше сипатына тоқталды. Парламентшілер сонымен қатар алдағы референдумның маңызы мен еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер туралы ойларын ортаға салды.

«5 маусым – барлық қазақстандықтар үшін маңызды күн. Бұл күні әрбір азамат еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз ұстанымын білдіре отырып, дауыс беруге құқылы. Қазақстанның жаңартылған Конституциясына бірқатар түзетулер енгізу ұсынылып отыр. Мәселен, президенттік өкілеттігін атқару кезеңінде Мемлекет басшысына саяси партияларға мүше болуына тыйым салынады», - деп атап өтті депутат Нұртөре Жүсіп.

Сенатор сонымен қатар Негізгі Заңның жаңа нормалары барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсер етіп, саяси бәсекелестіктің арта түсуіне ықпал етуі тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ барлық партиялардың дамуы үшін жағдай жасалады және Қазақстанның дамуына жаңа жолдар ашылатын болады.

Сенаторлар кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларды жаңа Қазақстанның қалыптасуында өз таңдауын жасауға шақырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -