ҚР СІМ-де Қазақстан Елтаңбасының авторымен кездесу өтті

395

Сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтың ведомство және Қазақстанның шет елдердегі мекемелері қызметкерлерімен кездесуі өтті. Іс-шараға жазушы Жолтай Әлмашұлы да қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Іс-шарада сөз алған ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Асқар Абдрахманов биыл 4 маусымда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толатынын, бұл тәуелсіз мемлекетіміздің дипломатиялық қызметінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті және оларды ел ішінде және шет елдерде де насихаттаудың маңызы туралы айтты.

«Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» өткізген жиынның бас қонағы Ж. Мәлібеков Елтаңбаның жасалу тарихына тоқталды және онда бейнеленген  әрбір символдың сырын ашып, мән-мағынасын түсіндіріп берді. Сәулетші елордадағы көптеген жобаларды жүзуге асыруға қатысқаны туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде жазушы Ж. Әлмашұлы мемлекеттік рәміздердің ел имиджін нығайтудағы рөліне тоқталды.

Орын алған пікір алмасу барысында әйгілі сәулетші кездесуге қатысушылар қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Дипломаттардың атынан Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев сөз сөйлеп, мазмұнды кездесу үшін қонақтарға және ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -