Бүгін Алматыдағы барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды

383
Фотосурет: АР

Алайда, оқу жылы бәріне бірдей аяқталмайды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін Жазғы мектептер өз жұмысын бастайды. Олар 1-8 және 10 сынып оқушыларының пандемия кезінде пайда болған білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтырады.

9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр мен 6 маусым аралығында, 11-сыныптарда 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. 11-сынып түлектері Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан тапсырады.

Биыл мектеп бітіру кеші мектеп қабырғасында өтеді. Аттестатты тапсыру салтанаты 16-17 маусымда өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -