Мұрат Бақтиярұлы қазақстандықтардың референдумға қатысуының маңыздылығына тоқталды

357

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өткен «Конституциялық реформа және Жаңа Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Жиынның өзекті мәселесі ел Конституциясына енгізуге ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін талқылау болды.

«Президент өзінің соңғы Жолдауында саяси реформалардың маңыздылығын атап өтті. Енді Қазақстан Конституциясы баптарының үштен бір бөлігіне өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл өзгерістерді қоғам жақсы қабылдады. Баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырамын», - деді сенатор.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -