Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

358
Фотосурет: АР

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі – Қор) сақтандыру нарығында негізгі рөлге ие. Қордың негізгі міндеттері сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

2022 жылғы 20 мамырда Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның қорытындысы бойынша Басқарманың алдыңғы мүшелері өкілеттіктерінің мерзімі аяқталуына байланысты Қор Басқармасының жаңа құрамы сайланды.

Агенттік Азамат Мырзаданұлы Джолдасбековке Қор Басқармасының Төрағасы лауазымындағы тиімді жұмысы, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің дамуына қосқан айтарлықтай үлесі және қаржы нарығы мәселелері бойынша заңнамалық базаны дамыту жөніндегі бірлескен жобаларға қатысқаны үшін зор алғысын білдіреді.

Соңғы жылдары Азамат Мырзаданұлының күш-жігері арқасында Қордың қызметі сапалы жаңа деңгейге шығарылды. Қордағы корпоративтік басқарудың , тәуекелдерді басқарудың және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруға байланысты бірқатар жүйелік міндет шешілді. Қордың меншікті қаражатынан сақтандыру компанияларының жарналары есебінен қалыптастырылған резервтер қаражатын бөлек есепке алуға көшу аяқталды, бұл есептің ашықтығын және сақтандыру секторы үшін стратегиялық маңызды активтердің мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етті. Қор қызметінің негізгі бизнес-процестерін автоматтандыру және Қордың ішкі нормативтік құжаттарын жетілдіру мәселелерінде елеулі прогреске қол жеткізілді.

Бүгінгі күні Қордың негізгі міндеттерінің бірі сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылардың тәуекел бейінін бағалаудың өзіндік моделін құру болып табылады. Бұл әрбір жеке сақтандыру ұйымының тәуекелдерін бағалауды ескере отырып, резервтерді қалыптастыруда тәуекелге бағдарланған тәсілді енгізуге мүмкіндік береді.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап Қор Басқармасы мынадай құрамда құрылды:

Басқарма Төрағасы – Бақыт Бектұрғанұлы Когулов,

Басқарма Төрағасының орынбасарлары – Қазыкенова Айнұр Өмірханқызы және Сырымбаева Жанар Төреханқызы.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -