Сақтанушылар – жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының қатысушылары үшін

402
Фотосурет: АР

2022 жылғы 16 мамырда Қазақстанда Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске қосылды. Бағдарлама іске қосылған алғашқы күндері оған қатысушыларда бірқатар сұрақтар, оның ішінде автосақтандыру тақырыбы бойынша сұрақтар туындады. Осыған байланысты, автокөлік сақтандыруының ерекшеліктері туралы Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті директорының орынбасары Елена Филимонова айтып берді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысу үшін банкті таңдау – бұл қарыз алушының құқығы. Егер банк қарыз алушының талаптарын қанағаттандырмайтын талаптарды ұсынған жағдайда, ол осы Бағдарламаға қатысатын басқа банкке өтініш жасай алады.

 Қарыз шартын ресімдеу кезінде екінші деңгейдегі банктер, әдетте, жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысу үшін талаптардың бірі ретінде – сақтандыру ұйымымен автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартын жасасуды көздейді.

Автомобиль көлігін сақтандыру сақтандырудың ерікті түрі екенін білу маңызды. Осыған байланысты, сақтандыру талаптары мен тәртібі тараптардың, яғни сақтандыру ұйымының және қарыз алушының (сақтанушының) келісімі бойынша анықталады.

«Банк заңнамасына сәйкес, егер қарыз беру туралы талаптарда сақтандыру шартын жасасу туралы талаптар көзделсе, банк қарыз алушыны сақтандыру ұйымын таңдауда шектеуге құқылы емес» - деп атап өтті Департамент директорының орынбасары.

Автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымын таңдағаннан кейін қарыз алушы сақтандыру шартының маңызды талаптарына өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға және оларды сақтандыру ұйымымен бірлесіп айқындауға құқылы.

Сақтандыру құжаты – бұл отбасылық бюджетті көзделмеген шығыстардан үнемдеу арқылы сізді және сіздің мүлкіңізді түрлі тәуекелдерден қорғаудың тәсілі.

Апат болған және автомобильге зақым келген жағдайда, сақтандыру құжаты апатқа кімнің кінәлі екеніне қарамастан, залалды өтейді. Сақтандыру шартында кепіл нысанасы болып табылатын автокөлікті ауа райы жағдайлары мен басқа да қолайсыз оқиғалар нәтижесінде болатын зақымданудан қорғау да көзделуі мүмкін.

«Осылайша, сіз автокөлікті сақтандыра отырып, сіз ол үшін кредит төлеп отырған уақытыңызда кепілге салынған автомобиль зақымдалады немесе істен шығады деп алаңдамасаңыз болады - деп қорытындылады Елена Анатольевна.

Сақтандыру шартына қол қойғанға дейін болашақта өзіңізді ықтимал тәуекелдерден қорғау үшін және сақтандыру жағдайы басталған кезде қалай әрекет ету керектігі және қандай төлемге сенуге болатындығы туралы нақты түсінікке ие болу үшін оның талаптарын мұқият зерделеуді ұсынамыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -