Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына материалдық көмек көрсетеді

548

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды – балалар жылы деп жариялады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы және бақытты балалық шағы- бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз»- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

1 маусым жыл сайын  Халықаралық балаларды қорғау күні болып аталып өтіледі.

Бұл күні әр түрлі іс-шаралар өтікзіледі, олардың басты мақсаты- бүкіл әлемдегі балалардың жағдайына назар аудары.

Қазіргі уақытта Қазақстандық төтенше жағдайлар органдарының ардагерлерІ ұйымында ата-анасының біреуі адамдардың өмірін құтқарып, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан 30 отбасы есепке тіркелген, ол отбасыларда 60 бала тәрбиеленуде.

ТЖМ ардагерлері азаматтық қорғау органдарының қаза болған қызметкерлері отбасыларын әлеуметтік  қорғау мәселелерінің шешілуін мұқият бақылайды.

Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер кеңесінің Орталық Президиумы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына қаржылай көмек көрсету шешімін қабылдады.

ТЖМ қыметкерлерінің балалары өздерінің әкелерінің ерліктерін мақтан тұтуы қажет.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -