ЭЫДҰ-ның «Қазақстан мен Орталық Азиядағы сауда байланыстарын дамыту» жобасы іске қосылды

568

Ағымдағы жылдың 25 мамырында сауда және интеграция Министрлігі экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) бірлесіп іске асыратын «Қосымша құнның жергілікті тізбектерін оңтайландыру» жобасының семинар-презентациясы өтті. Іс-шара жобаны жүзеге асырудың бастауы болды. Онда ЭЫДҰ Орталық Азиядағы сауда байланыстары саласындағы проблемаларға арналған өзінің өңірлік жұмысының негізгі қорытындыларын ұсынды. Іс-шараға жауапты мемлекеттік органдардың, ЭЫДҰ-ның өкілдері, ЭЫДҰ-ға мүше елдердің елшілері және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Сауда байланыстарының дамығандығы Орталық Азия алдында аса өткір тұрған міндеттердің бірі болып табылады. Жоба шеңберінде ЭЫДҰ Қазақстанға және Орталық Азияның басқа елдеріне сауда байланыстарын дамыту және одан әрі халықаралық интеграция үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін экономикалық саясат пен құралдарға қатысты талдамалық және практикалық ұсынымдар береді.

Зерттеу 2019 жылғы жобаның бірінші кезеңі шеңберінде ЭЫДҰ жүргізген сауда-көлік байланысы және жүк тасымалы саласындағы проблемаларды бағалауға қосымша болады және оның бағыты Орталық Азия елдерінің көлік байланысы болды. Жобаның бірінші кезеңінің нәтижелерімен халықаралық көлік форумының сайтында танысуға болады (https://www.itf-oecd.org/enhancing-connectivity-and-freight-central-asia).

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 25 мамырында «QazTrade» АҚ өкілдері Қазақстанда бизнесті цифрлық дамытудың базалық шарттары саласындағы тепе-теңдік бағалау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. ЭЫДҰ жүргізетін тепе-теңдік бағалау рәсімі елдегі бизнесті цифрлық трансформациялау үшін қолайлы жағдайлар мен құқықтық негіздерді дамытуда тиісті ұсынымдар әзірлеу үшін цифрлық желілер мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін (оның ішінде бағалық) және бизнестің цифрлық қауіпсіздік саласындағы қажеттілігін талдауға мүмкіндік береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -